Куандык Рахым — Жан Досым: аккорды на гитаре и текст песни

Жан Досым: аккорды для гитары

  • Am
  • E
  • Dm

Жан Досым: текст и аккорды

Жаныңмен қауырсындай,
Сынақтан ауырсынбай.
Дос керек өту үшін,
Сағың сынбай.
Өмірдің бар бағалы
Досыңсыз барма мәні
Бұл әнім жан достарға арналады.
Қайырмасы:
Көтерші досым, еңсеңді биік ұста
Шаттықтың күйі қысқа болса да досым
Қуантшы түріме еніп
Досым деп сені көріп
Маған да ел еміреніп тамсанады
Сен үшін ән жазамын
Сыйлаймын ән ғажабын
Қосылсын осы әніме
Бар қазағым.
Досымның аты дара
Болмысы заты дара
Өзіңдей досты туған батыр ана
Бақытты кешіңе мен
Айтпасам қосып өлең
Жаныңда дос боп жүрмін
Несіне мен.
Дарасың сен мен үшін
Данасың сен мен үшін
Сен үшін сайратайын кеуде құсын
Қайырмасы:
Көтерші досым, еңсеңді биік ұста
Шаттықтың күйі қысқа болса да досым
Қуантшы түріме еніп
Досым деп сені көріп
Маған да ел еміреніп тамсанады
  • Источник Яндекс Музыка
Текст песни «Жан Досым» дополнен аккордами и приведён для обучения игре на гитаре (ст. 1274 ГК РФ). Права принадлежат правообладателям.