Айкын Толепберген — Асылым: аккорды на гитаре и текст песни

Асылым: аккорды для гитары

  • F
  • G
  • Em
  • Am
  • A

Асылым: текст и аккорды

Вступление:
Көргім келеді сені,
Көздеріңнің жалыны
Арбап мені,
Сені іздеймін!
Нәзік сезім арнап,
Махабаттың балынан
Бір татсам деп едім,
Кездестірмедім.
Жарық берші, жаныма келші, жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Қайырмасы:
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Сыйладым сен үшін,
Сезімімнің лапылдаған
Жалын күшін,
Шын жүректен.
Жолығарын білем,
Iздей берем,
Мәңгі саған сенем,
Арман ақ құсым
Жарық берші, жаныма келші, жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Қайырмасы:
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Ғашық оты жанған сәттен-ақ бізге мәлім
Бұл бір сезімімді билеген, жұмбақ әлім
Құшағыма басайын, құшарға тәнім дайын,
Асылым, қиратпа ғұмыр мәнін
Түн қарасы әлі кейіпіңді әдемі етеді
Жан сұлуы жаныңа ең керегі
Тауды әрі асам, бағытымнан жаңылмасам
Дара жұп қосылар, егер соны қаласаң
Жарық берші, жаныма келші, жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым, Алтыным, Асылым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Алтыным, Ғашығым-ай, жасырмай ашығын айт!
Қайырмасы:
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
  • Источник Яндекс Музыка
Текст песни «Асылым» дополнен аккордами и приведён для обучения игре на гитаре (ст. 1274 ГК РФ). Права принадлежат правообладателям.