Аскар Жунисбеков — Хат жазып тур: аккорды на гитаре и текст песни

Хат жазып тур: аккорды для гитары

  • Fm
  • A#m
  • C
  • G#

Хат жазып тур: текст и аккорды

Екеуміз бірге өткізген күннің бәрі аңыз
Уақытқа бағынып бір-ақ барамыз
Анда-санда алған хаттар арқылы
Ажырамай тұр әзірге арамыз
Ұлы Емші, уақытқа сот бар ма
Саябырлап келе жатыр хаттар да
Хат жазып тұр, жаураған жүрек жылынсын
Әр сөзіңнен шашыраған оттарға
Хат жазып тұр басқа ойды жатсына
Қайталап оқып қалайын бір шаттана
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Сағынышыңды сиғызып
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Қашықтықты жеңеді тек хат қана
Алаңдаумен күндер өтті, өтті апта
Ал өзіңнен хабар да жоқ, жоқ хат та
Аңсағанда азық болсын жаныма
Алданышым хаттарыңды тоқтатпа
Хаттарыңның қанаттары талмасын
Көк аспанды көктей самғасын
Сағынысқан жүректердің елшісі
Салқындатпай арамызды жалғасын
Хат жазып тұр басқа ойды жатсына
Қайталап оқып қалайын бір шаттана
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Сағынышыңды сиғызып
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Қашықтықты жеңеді тек хат қана
  • Источник Яндекс Музыка
Текст песни «Хат жазып тур» дополнен аккордами и приведён для обучения игре на гитаре (ст. 1274 ГК РФ). Права принадлежат правообладателям.